Хиджаб киетін оқушылардың мәселесі түбегейлі шешілді

0
2 068

Білім және ғылым министрлігі мектептерде хиджабқа тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті


Хиджаб киетін оқушылардың мәселесі түбегейлі шешілді

фото: Sputnik.

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылы қарсаңында ведомствоның хиджаб киетін оқушыларға қатысты позициясы жайлы айтты, деп жазады Sputnik.

"Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқытуға қатысты айтарым, бөлек және діни оқытуды шатастырмаңыздар. Оқыту түрі қандай болмасын, мектеп бағдарламасы бір. Мектептерде кез келген оқу мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында, біз қабылдаған бағдарламалар бойныша жүргізіледі", — деді Сағадиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл мәселе барлығына қатысты екенін атап өтті.

"Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деген үміттеміз", — деді ведомство басшысы.