Көктайғақ және қарлы боран: Қазақстан бойынша үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

0
705

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар шашын күтіледі.


Көктайғақ және қарлы боран: Қазақстан бойынша үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

ERNUR.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнде батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райына себеп болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар шашын күтіледі. Жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, батыста бұрқасын тұрады деп күтілуде.

Батыста ауа температурасы түнде 2 градус аяздан + 8 градусқа дейін +2 +11 градусқа дейін, күндіз жылы 3-12 градустан жылы 7-17 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы түнде -13 +2 градустан -7 +3 градусқа дейін, күндіз -5 +8 градустан 0 +10 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ солтүстікте түнде 5-10 градус аяздан -7 +2 градусқа, күндіз - 3 +2 градустан 0 +5 градусқа дейін күн жылынады.

Қазақстанның орталық бөлігінде ауа температурасы түнде -5 -13 градус аяздан -3 +5 градусқа дейін, күндіз - 3 +8 градустан 0 +8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Шығыста түнде -5 -13 аяздан -6 +3 градусқа дейін, күндіз – 7 +2 градустан 0 +8 градусқа дейін күн жылиды.

Оңтүстік аймақтарда түнде -5 +8 градус, күндіз +10 +20 градустан +3 +15 градусқа дейін ауа температурасы құбылмалы болады. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -13 +5 градустан - 8 +5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз жылы температура 0 +12 градустан +2 +15 градусқа дейін құбылмалы болады.