Қолданушыларды "шакалдар" деген атаған: Атырауда тергеу барысынан сторис салған полицей жазаға тартылды

0
76

Атырау облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп, заңбұзушылықты мойындады.


Қолданушыларды

Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Атырау облысындағы криминалдық полиция қызметкері күнделікті жұмысын желіге жүктеп, контентке айналдырған. Ол стористерге тергеуден видео, фотоларды жариялады. Бұл материалдар заң бойынша сотқа дейінгі тергеу кезінде құпия болып саналады. Блогер Лунара Мақсұтова ішкі істер министрлігіне бұл жайтқа мән беруді сұрады, деп жазады Stan.kz.

Тергеу әрекеттерінен алынған фотолардан бөлек, қызметкер желі қолданушылары туралы ауыр пікір айтқан.

"Бұл жауыздар мені танымаса да жек көреді, бірақ мені бақылап, жоғарыдағыларға шағымдануды ұнатады", – деп жазды ол.


Блогер Лунара Мақсұтова ішкі істер министрі Ержан Саденовке ішкі тергеу жүргізуді талап етіп ашық хат жолдады.

"Полиция қызметкерінің қоғам арасында осындай мәлімдеме жасауына жол берілмейді. Егер сөз бостандығын қаласа, құқық қорғау органдарынан кетсін.Лас сөздерімен бұл лауазымды масқаралауды тоқтатсын", – деп жазды ол.

Мақсұтова үндеуінде сотқа дейінгі тергеу құпиялылығы сақталған ба, тінтулерден түсірілген кадрларды жариялаған кезде азаматтардың құқықтары қорғалған ба және ішкі істер министрлігі желіде қызметкерлердің әрекетін қадағалай ма деп сұрады.

Атырау облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп, заңбұзушылықты мойындады.

"Бұл оқиға бойынша ішкі тергеу жүргізілді. Нәтижесінде полицейдің қызметтік тәртібін бұзғаны анықталып, оған тәртіптік шара қолданылды", – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкері әлеуметтік желідегі аккаунттарын бұғаттады, ал TikTok аккаунты жойылды.