"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан қауіпті жерлер анықталды

0
1 870

Адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіпсіз аймақтар белгіленді.


«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік соқпақтар мен маршруттардағы қауіпті аймақтар тексерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің телеграм каналында жарияланды.

Министрлігінің хабарлауынша, тексеріс барысында төменгі Көлсай көлінің сол жақ және оң жақ жағалауында 2 сырғыма қауіпі бар учаске анықталды. Олар Көлсай орманшылығының 9 орам 24 телімінде және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 2,12 га. аумағында орналасқан жерде анықталды.

«Осыған байланысты тиісті Акт жасалды. Адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіпсіз аймақтар белгіленді, арнайы ескерту тақтайша жасатуға тапсырыс берілді. Қауіпті аймақтар бойынша алдағы уақытта шаралар қабылданатын болады», - делінген хабарламада.