​Қолын жумақ болып басы қатқан балақай жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

0
2 605

ERNUR.KZ. Жуыну бөлмесіне кіріп, қолын жумақ болған балақай өз әрекетімен желіні жарды. Онда су ағатын құбыршүмекті (кран) ашып, кейін ағып тұрған суды көрген бала құбыршүмекті дереу жабады да қолын су ағатын шұмектің астына қойылған шұңғылшаға батырады.


​Қолын жумақ болып басы қатқан балақай жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

ERNUR.KZ. Жуыну бөлмесіне кіріп, қолын жумақ болған балақай өз әрекетімен желіні жарды. Онда су ағатын құбыршүмекті (кран) ашып, кейін ағып тұрған суды көрген бала құбыршүмекті дереу жабады да қолын су ағатын шұмектің астына қойылған шұңғылшаға батырады. Әрине, бұл сәтте шұңғылшаның ішінде су қалмайды. Осылай бірнеше рет қайталаған балақайдың әбден басы қатады.

Сәбидің бұл әрекетін үйіндегілер сыртынан видеоға түсіріп тұрған. Ал балақай болса, одан мүлдем бейхабар болғанын байқауға болады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл видеоны көргендер балақайдың онысына сүйсінді. «Тәп-тәтті балапан өзі», «Ақылынан айналайын...», «Періште ғой», «Қандай тәтті балақай», «Тоқтаусыз қарап тұрғың келеді екен», «Қылығы қандай қызық», «Жаным, менің балам сияқты сумен ойнағанды жақсы көреді екен», «Бастысы кранды жабу керек екенін түсініп тұр. Жарады, балақай. Өскенде бір жерді тесіп шығатыны көрініп тұр» деген желідегілер басы қатқан балаға жанашырлық танытты. Ал енді бір желі қолданушылары болса, «Суды үнемдеуді осы балақайдан үйреніңдер», «Суды үнемдеген түріңнен сенің» деп кішкентай баланың әрекетіне тәнті болды.

Видео: желіден алынды