Құзырлы органдардың өкілдері оқиға орнына барып, сараптама жүргізген.
ERNUR.KZ. Петропавл тұрғындарын Рабочий кентіндегі көпірдің бір жағында пайда болған жыра шошытып отыр. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы орталығының тұрғындары көпірдің бір жағындағы терең жарықшақты видеоға түсіріп алған. Қала тұрғындары мұны әлеуметтік желіге жүктеп, жергілікті билікті жағдайға назар аударуға шақырды.
Петропавл қаласының әкімдігінде айтылғандай, құзырлы органдардың өкілдері оқиға орнына барып, сараптама жүргізген.
Олар жақын арада жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, ақауды жоюға кірісетіндерін атап өтті.
Қала әкімдігі сонымен бірге көпірдің құлау қаупі жоқ екенін, сондықтан ол жөнделмейінше жабылмайтынын хабарлады. Соңғы рет көпір 6 жыл бұрын қайта жаңартылған.