Қордайда тәркіленген контрабандалық спирт пайдаға жаратылады

0
665

Контрабандалық тауар қырғыз елінен қазақ жері арқылы Рессейге жеткізілуі тиіс болған.


Қордайда тәркіленген контрабандалық спирт пайдаға жаратылады

ERNUR.KZ. Контрабандалық тауар кәдеге жарағалы тұр. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы шекарадан тәркіленген 19 тонна спирт өңірдің денсаулық сақтау басқармасына өткізілді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі, құзырлы орын өкілдері оны текке төккенше, вирусқа қарсы қолдануды ұйғарыпты. Құны 40 млн. теңге 19 тонна медициналық спирт түгел денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Мамандардың айтуынша, одан 23 мың литр антисептік пен дезинфекциялық сұйықтықтар әзірлеуге болады.

Контрабандалық тауар қырғыз елінен қазақ жері арқылы Рессейге жеткізілуі тиіс болған. Бірақ пысықайлардың құжатының жалған екені Қордай бекетінде әшкереленді.


- Аталмыш фактімен құқық бұзушы Қордай аудандық соты 24 шілде, 2020 жылғы қаулысымен 283 бабының 5 бөлігі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салып, жүгі тәркіленген, - дейді Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Мақсат Дәуірбаев.