Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді

0
291

Қызғылт қоқиқаздар мекендейтін Қорғалжын табиғи қорығына апаратын «Астана – Қорғалжын» жолы жөндеуден өтеді.


Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді

Бұл жолдың орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Ақмол ауылынан Оразақ ауылына дейінгі 39 шақырымдық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі биыл аяқталмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар биыл Оразақ ауылынан Қорғалжын қорығына дейінгі 110 шақырымдық жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады.

Қорғалжын ауылынан қорыққа дейінгі жол учаскесі ерекше назарда. Бұл жол өткен ғасырдың 60-жылдары салынған және қазіргі таңда асфальтобетон жамылғысы жоқ топырақ төсемінен ғана тұрады. Енді жаңа жол салынып, қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі. Бұл туристік ағынның артуына және өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

«Астана – Қорғалжын» автожолын жаңғырту облысаралық және ауданаралық күре жолдарды ауқымды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту аясында қолға алынды. Президент тапсырмасына сәйкес жөнделетін жолдардың жалпы көрсеткіші 10 мың шақырым жолға дейін артты.

Дәл осы тапсырма аясында 2025 жылы 8 мың шақырымға жуық республикалық маңызы бар жол жөнделсе, келесі 2026 жылы 2 мыңнан астам жол жөнделмек.