Қорғаныс министрлігі жоғалған тікұшақтың сынықтарын көрсетті

0
122

Ол 25 шілдеде радардан жоғалып кетті.


Қорғаныс министрлігі жоғалған тікұшақтың сынықтарын көрсетті

фото: Сайт Минобороны Казахстана

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Алматы облысында іздестіріліп жатқан әскери тікұшақ бөлшектерінің фотосуретін көрсетті, деп жазады sputnik.kz.
Ол 25 шілдеде радардан жоғалып кетті. Бір күннен кейін, 26 шілдеде ұшақтың бөлшектері табылды. Сорбұлақ көлінде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов іздеу жүріп жатқан аймақта жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурс жұмылдырылғанын және әскерилер қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

"Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз. Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз", – деді Қосанов.

Тікұшақ экипажы командирі Үйсенбай Нұржігіттің ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, ұшқыштардың туыстары жедел штаб орналастырылған орында таңертеңнен кешке дейін жүр. Олар іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден тікұшақтың су түбінен көру мүмкін еместігіне көз жеткізді.

EC-145 әскери тікұшағын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр - Sputnik Қазақстан

EC-145 әскери тікұшағын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Естеріңізге сала кетсек, EC-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде жоғалды. Іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.