Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды

0
256

Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады.


Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды

фото: кадрдан скрин

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді.

Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.


Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.