Коронавирус қаупі: Сотталғандар туыстарымен қашан кездесе алады

0
613

Ерлан Тұрғымбаев мұндай жүздесулерге рұқсат беруге әлі ерте екендігін жасырмады.


Коронавирус қаупі: Сотталғандар туыстарымен қашан кездесе алады

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа онлайн-есеп беру барысында сотталғандарға туыстарымен жүздесуге қашан мүмкіндік берілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Шынымен де, карантин талаптарына байланысты барлық кездесулерге тыйым салынды. Дегенмен, біз телефонмен сөйлесулер санын арттырдық. Заттар, сонымен қатар азық-түлік берулеріне шектеу қоймадық. Бірақ, карантин шаралары аяқталғаннан кейін барлық туған-туыстарын сотталғандармен жүздесуге рұқсат береміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесу барысында тұрғындардан келіп түскен сауалға орай.


Ерлан Тұрғымбаев мұндай жүздесулерге рұқсат беруге әлі ерте екендігін жасырмады.


«Әзірше таралу қаупі (коронавирус індетінің) бар. Оның үстіне, колонияда сотталғандар бір-біріне жақын жүреді. Бас бостандығынан айыру орындарында вирус таралып кетпеуі үшін карантин ережелерін қатаң сақтаймыз. Сондықтан, әзірше карантинді ұстап тұрамыз. Санитарлық дәрігердің ұсынымымен жүздеулерге қайта рұқсат беретін боламыз», - деді ол.