Бұған дейін ұйымдастырушылар медальдық есепке қатысты түсініктеме берген болатын.
Фото: t.me/sport_comiteti
ERNUR.KZ. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, медальдарды санау кезінде қателік кеткен, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін ұйымдастырушылар медальдық есепке қатысты түсініктеме берген болатын.
– Командалық есептегі жалғыз техникалық сәйкессіздік медальдарды санау кезінде туындады. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның 3 спортшысының әрқайсысының медальдарын бөлек санау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орын алды, – делінген Аскат Алагозовтың мәлімдемесінде.
Жаза кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады.


