Қостанай облысында 10 күн бойы іздестірілген ер адамның денесі табылды

0
233

Ер адамның денесі Тобыл өзенінің жағасында судан табылған.


Қостанай облысында 10 күн бойы іздестірілген ер адамның денесі табылды

Фото: Tobolsk72.ru

ERNUR.KZ. Құтқарушылар қыркүйектің 28-і күні балық аулауға шығып, содан кейін отбасымен байланысқа шықпаған ер адамның денесін тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында 28 қыркүйекте жоғалған Лисаков тұрғынын іздеу аяқталғаны хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметтері бойынша, ер адамның денесі Б. Майлин ауданындағы Тобыл өзенінің жағасынан 250 метр қашықтықта судан табылған. Құтқарушылар денені судан шығарды.

Ведомствода 10 күн бойы іздеу жұмыстары Б.Майлин ауданы мен Лисаковск қаласындағы Тобыл өзенінің жағалау сызығында және су астында жүргізілген. Полиция мен құтқарушыларға тұрғындар көмектесті.