Қостанай облысында жоғалған қызға шар байланған сусындар қалдырылып жатыр

0
565

Қостанай облысында жоғалған қыз әлі табылған жоқ.


Қостанай облысында жоғалған қызға шар байланған сусындар қалдырылып жатыр

ERNUR.KZ. Жедел штаб азық-түлік пен сусынға шар байлап, тастап кету туралы шешім қабылдады. Бұл бір жағынан, іздеу жүйелеріне арналған сигналдық белгі болса, екінші жағынан, қыздың назарын аударуы мүмкін, деп жазады zakon.kz.

Полицейлер әр алқапта осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар екенін мәлімдеді.

Іздеу жұмыстары Жамбыл ауылы – Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы бағыттарында жүруде.Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.

8 тамызда құтқарушылар қызды жүгері алқабынан байқағанымен, одан қайта көз жазып қалды. Бүгін сол маңнан тістелген жүгері собығы табылып, сараптамаға жіберілді.

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі ұарап қалған. Олар таңертең оянғанда кіші қыз үйде жоқ екенін байқаған.