Қостанайда 4 жасар қыз анасын құтқарып қалды

0
1 002

Анасы мен 4 жасар қызы жабулы көлік ішінде қалып қойған


Қостанайда 4 жасар қыз анасын құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Қостанайлық әйел көлік айдап келе жатып есінен танып қалды. Бұл кезде көлікте 4 жасар қызы болған, деп жазады stan.kz.

Қыз бала әжесіне хабарласып, болған жайтты айтады. Облыстық төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам хабарласып, немересі мен қызының жабулы көлік ішінде қалғанын айтады. Көліктің тұрған жері белгісіз болған.

4 жасар қыз әжесіне автокреслоға таңылғандықтан сыртқа шыға алмайтынын айтқан. Полицейлер қызға хабарласып, белдікті қалай шешетінін айтады. Кейін қыздан қай жерде екенін сұрап біле бастады. Бүлдіршіннен оқиға орнындағы дүкен мен дәріхана атауларын сұрады. Алайда шошынып қалған қыз бала еш ақпарат бере алмады.

Осыдан соң полицейлер қыздан көліктің дабылын басуды сұрайды. Қызы көліктің дабылын басқанда анасы дауыстан оянады. Анасы полицейлерге тек ауданды ғана хабарлап, қайта есін жоғалтқан. Бірнеше минуттан соң көлік табылды. Полиция баланы әжесіне табыстап, әйелді дәрігерге жеткізді.