Боран мен көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды.
ERNUR.KZ. Қостанай қаласында кезекші сыныптарда оқитын бірінші ауысым оқушыларына мектепке келуге тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Бұл өңірдегі ауа-райының күрт құбылуымен байланысты, атап айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды.
"Егер балалар мектепке келіп қойса, онда оларды ата-анасыз үйге жіберуге болмайды. Ал ата-анасы келе алмаған балалар мектепте сабақ оқи беруі тиіс", - делінген хабарламада.
Қазір Қостанайда -1 градус, қатты жел тұрып, қар тоқтаусыз жауып жатыр.