Қостанай облысының Узынкөл және Меңдіқара аудандарындағы мектептерде де сабақтар тоқтатылған.
Фото: Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Қостанай Білім басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жұмада Қостанайдағы бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл шешімнің себебі – ауа райының нашарлауы. Қазіргі уақытта қалада боран соғып тұр.
Сонымен қатар, Қостанай облысының Узынкөл және Меңдіқара аудандарындағы мектептерде де сабақтар тоқтатылған.