Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді

0
533

Бұл - отбасындағы үшінші бала.


Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді

ERNUR.KZ. Әулиекөл ауданының тұрғыны Әйгерім Долдашева салмағы 6,7 келі қызды дүниеге әкелді. Алып қыз Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Босанған әйел бала салмағының үлкен екенін алдын ала білді, сондықтан отбасы да, дәрігерлер де дайындалды. Бала мерзімінде кесар тілігі арқылы туды. Туу кезеңі ауыр өткендіктен реаниматологтардың көмегі қажет болды, - дейді облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева. - Анасы екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, сәби анасының қасында».

Салмағы үлкен баланың дүниеге келуіне аурухана қызметкерлері де дайын болды. Бірақ олар бұған дейін 6 кг-нан артық салмақпен туған жағдайдың болған жоқ дейді.

Бұл - отбасындағы үшінші бала.

Айаруды анасымен бірге Әулиекөлде отбасы күтіп отыр, олар жағдайы оңалғаннан кейін бірден үйіне қайтады.