ҚР ҰҚК: "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды

0
512

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалған.


ҚР ҰҚК:

ERNUR.KZ. Абай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директоры ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Шенеунік 2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен ұсталған.

"Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - деп жазады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.