ҚР ҰҚК қызметкерлері екі облыстың кеденшілерінен ірі көлемде ақша тәркіледі

0
1 413

Алматы және Түркістан облыстарының 20 астам кеден қызметкері пара алды деген күдікке ілікті.


ҚР ҰҚК қызметкерлері екі облыстың кеденшілерінен ірі көлемде ақша тәркіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден бекеттерінің қызметкерлерін тексерді, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Нұр Жол", "Қалжат" (Алматы облысы) және "Б. Қонысбаев атындағы" (Түркістан облысы) кеден бекеттерінің кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты тергеуге дейінгі істі қарауда.

20-дан аса қызметкер ҚХР-дан Өзбекстан Республикасына тауарды кедергісіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан бопсалау арқылы пара алған деп күдіктелуде.

Жүргізілген тінтулер барысында қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшерде шетелдік және ұлттық валютадағы ақшалай қаражат сомасы алынды.

Қазіргі уақытта 3 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, қалған іс фигуранттарына қатысты кінәсін толық мойындауына байланысты, бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары таңдалды.