ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды

0
951

Айдар Рысқұлов Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген, сондай-ақ Назарбаев университетінің МВА магистрі дәрежесіне ие.


ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды

ERNUR.KZ. Айдар Рысқұлов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп жазады tengrinews.kz.

Қазір Айдар Қайратұлы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. Осыдан төрт жыл бұрын ол "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Рысқұлов Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген, сондай-ақ Назарбаев университетінің МВА магистрі дәрежесіне ие. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ, АТФ банкінде, ЦентрКредит банкінде, Халық банкінде, "ҚазАгро "ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ-да жұмыс істеген. Қорда жеті жыл бойы Рысқұлов қаржылық активтерді басқару жөніндегі директор, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.