Қуандық Бишімбаев хабарласқан көріпкел сотқа келетін болды

0
604

Бишімбаев көріпкелге Нүкенова қайтыс болған күні жүгінген.


Қуандық Бишімбаев хабарласқан көріпкел сотқа келетін болды

ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаев жедел жәрдем шақырудың орнына жүгінген көріпкел сотта куә болады, деп жазады inbusiness.kz.

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесі жалғасуда.

Бұған дейін ол әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні көріпкелге жүгінгенін, ол әйелінде бәрі жақсы екенін және кешке оянатынын айтқан. Сотталушының айтуынша, ол экстрасенстің сөзіне сенген, сондықтан жедел жәрдем шақыруға асықпаған.

Марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Уразбахова көріпкелдің сотта куәлік беретінін мәлімдеді.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында тергеу органы көріпкелді анықтап, жауап алды. Ол айыптау тізімінде", - деді ол.