Келіншек Ақтаудан Ақсу қаласына көшіп келіп, сонда тұрмысқа шыққан.
ERNUR.KZ. Желіде Ақсу қаласының кәріз жүйесінде тұруға мәжбүр болып жүрген келіншектің видеосы жарияланды. Бейне авторы тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көрсетті, деп жазады kaz.nur.kz.
Видео "Культурный 14 РЕГИОН" YouTube-арнасында пайда болды. Видеоның басында автор азық-түлік салынған сөмкені қалай дайындап жатқанын көрсетті. Содан кейін Айнур есімді үйі жоқ әйелге және басқа да онымен тағдырлас адамдарға тамақ таратып берді.
Автор келіншектің өмірі мен оның басына түскен сынақтар туралы сұрақтар қоя бастады. Сұхбат барысында Айнұр Ақтаудан Ақсу қаласына көшіп келіп, осы жерге тұрмысқа шыққанын айтты. Алайда белгісіз себептермен күйеуі оны үйден қуып шығарған. Содан бері ол құдықта тұруға мәжбүр.
"Күйеуім үйден кетуімді сұрады. Мен оны көп рет кешірдім...", - деді ол көз жасына ерік беріп.
Соңғы жылдары Айнұр бірнеше рет қиындықтарға тап болған. Видео авторлары оның ата-анасымен байланысып, қызының қай жерде және қандай жағдайда өмір сүруге мәжбүр екенін айтып берді.
"Мама, маған көмектесші, мен далада қалдым", - деп жалынды Айнұр.
Келіншек анасынан үйге қайтар жолға ақша сұрады. Бұл оқиғаның қалай аяқталатыны әлі белгісіз. Видео авторлары туыстары әйелге көмектеседі деп үміттенуде.