Заңға сәйкес ата-аналарға 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (39 320 теңге) айыппұл төлеуіне тура келеді.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Атырау облыстық полиция департаменті 24 мамыр күні бір топ мектеп бітіруші қоғамдық тәртіпті бұзғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Мәліметтерге сенсек, тәртіп бұзғандардың бесеуі "Нұрсая" саябағындағы аркаға шығып кеткен.
Барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал олардың ата-аналарына 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес "балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін" жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, заңға сәйкес ата-аналарға 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (39 320 теңге) айыппұл төлеуіне тура келеді.