Құжатсыз қалуы мүмкін: СІМ БАӘ-де қалған бойжеткендер туралы айтты

0
625

Бұл күнге дейін қазақстандықтардың Біріккен Араб Әмірліктерінде құлдықта болу дерегі тіркелмеген.


Құжатсыз қалуы мүмкін: СІМ БАӘ-де қалған бойжеткендер туралы айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"Қазақстан азаматтары күрделі жағдайға тап болып жатады немесе қаржылай қарыздарының болуы себепті олардың құжаттарын алып алуы мүмкін. Мұны құлдық деп айтуға келмейді. Кейде адамдар салдарынан қорқып, бұл туралы айтпауды жөн көреді. Осылайша, сол күйден ұзақ уақытқа шыға алмай қалуы мүмкін. Ондай адамдарды құтқарған күндер болды. Негізінен олар бойжеткендер қауымы", - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің өкілі апталық брифингте.

Айтуынша, бұл күнге дейін қазақстандықтардың Біріккен Араб Әмірліктерінде құлдықта болу дерегі тіркелмеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі жігіт Дубайға табыс табуға барып, сол жақтан хабар-ошарсыз кеткендігі туралы ақпарат тараған болатын. Ақыр соңында олар Тайланд, Мьянма мен Лаостың шекарасындағы «Алтын үшбұрыш» деп аталатын жерде құлдыққа түскені анықталды. Еліміздің азаматтарына Сыртқы істер министрлігі мен консулдық көмектесіп, жігіттер аман-есен елге оралды.

Ведомство өкілі Айбек Смадияров Мьянмада құлдықта болған азаматтарымыз қалай құтқарылғаны туралы айтқан болатын.