Жазадан сытылу үшін ер адам 2023 жылдың күзінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында жасырынған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның мемлекеттік қауіпсіздік ұлттық комитетінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде есепке алынған, халықаралық іздеудегі Қазақстан азаматын ұстады, деп жазады zakon.kz.
"2022 жылдың қараша айынан бастап ҚР құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған, бірнеше рет сотталған 34 жастағы Қазақстан азаматы А-ны анықтап, ұстады", делінген МҚҰК хабарламасында.
Жазадан сытылу үшін ер адам 2023 жылдың күзінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында жасырынған.
Ол түрмеге қамалды.