Қазіргі уақытта халықтың жеке пайдалануға арналған автомобильдерді шетелден әкелуге белсенді қызушылық танытуда.
ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Армениядан әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып есептеледі және кедендік бақылауға жатады, деп жазады inbusiness.kz.
Үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер бойынша сұрақтар көп туындайды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың елдерінен – бұл Армения, Беларусь, Ресей және Қырғыстаннан әкелінетін автомобильдер бойынша қойылады, деп жазылған хабарламада.
Үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер, яғни шетелдік автомобильдерді уақытша 1 жылға шетелдік тұлғалар ешқандай кедендік төлемдерді төлемей әкеле алады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұлғалары шетелдік автомобильдерді тек кедендік төлемдерді қамтамасыз еткен жағдайда уақытша 1 жылға әкеле алады, бұл дегеніміз қаржылық кепіл болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда рәсімделген автомобильдерді және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автомобильдерді әкеле алады.
Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде;
Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жатады.
Көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына тек Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұратын тұлғалар уақытша әкеле алады.
МКК Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұрмайтын тұлғалар көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына қандай жағдайда әкелуге болатынына тоқталып кетті. Яғни «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімге 2-қосымшада көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен кейін әкеле алады.
Сондай-ақ комитет, бүгінгі күні нарықта Моңғолиядан бұрын әкілінген және кейіннен Қазақстанның ішкі істер органдарында тіркеу есебіне заңсыз қойылған автомобильдер бар екенін атап кетті.
Мемлекеттік кірістер комитеті, автомобильдерді сатып алу кезінде, азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жолымен кедендік тазартудан өткендігі және автомобильдердің заңды әкелінгенін тексеріп алуға кеңес береді.