Зардап шеккендердің барлығы Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайына жеткізілді.
фото: kazaviaspas.kz
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Скрябин мұздығында тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен басқа да зардап шеккен азаматтар эвакуацияланды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккендердің барлығы Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайына жеткізілді.
30 шілдеде Қырғызстанда болған тас көшкінінен Қазақстан азаматтары зардап шекті. Бір адам қаза тапты. Тағы біреуінің жағдайы өте ауыр.Бүгін, 31 шілдеде, 6:58 сағатта Қырғызстанға ҚР ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қазавиақұтқару тікұшағымен туристерге көмекке аттандырылды.