Қытай ғарышта күріш өсурудің толық циклін жолға қоюға ниетті

0
745

Қытай Ғылым академиясының (ҚҒА) ғарышта өсімдіктерді өсіру бағдарламасының жетекшісі Чжэн Хуйцюннің айтуынша, қазіргі уақытта күріш тұқымын өсіру сәтті басталды.


Қытай ғарышта күріш өсурудің толық циклін жолға қоюға ниетті

ERNUR.KZ. «Вэньтянь» зертханалық модулімен ғарышқа жеткізілген күріштің эксперименттік тұқымы бір ай өткен соңы сәтті өсіп шықты. Бұл жайында Қытай ғылым академиясы жариялаған хабарламада айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қытай Ғылым академиясының (ҚҒА) ғарышта өсімдіктерді өсіру бағдарламасының жетекшісі Чжэн Хуйцюннің айтуынша, қазіргі уақытта күріш тұқымын өсіру сәтті басталды. Атап айтқанда, қысқа дәнді күріш 4-5 см болып өсіп шықты. Тайконавтар (Қытайда ғарышкерлерді осылай атайды) үлгілерді жинайды, содан кейін мұздатып, сақтайды, одан кейін оларды сараптама жасау үшін Жерге алып келеді.

Олар зерттеудің арқасында әлемде алғаш рет ғарыштық микрогравитация жағдайында «тұқымнан тұқымға дейін» өмір бойы күріш өсіру эксперименті жүзеге асырылады деген үміт білдірді.

ҚҒА хабарламасында алыс ғарышты игеру дамыған сайын, тіпті болашақта Марсқа қонуды ескергенде Жерден жеткізілетін азық-түлікке ғана сену мүмкін емес екендігі айтылған. Ғарыштық саяхаттың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғарышта азық-түлік өсіру мәселесін шешу қажет.

«Ғарыштық дақылдардың болашақ өндірісі толығымен оқшауланған жасанды ортада жүзеге асырылуы керек. Ғарышта өсірілетін дақылдар жоғары өнімділік пен сапа, жоғары тиімділік және энергияны аз тұтыну талаптарына сәйкес келуі қажет», - деді Чжэн Хуйцюн.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айында алғашқы «Вэньтянь» зертханалық модулі пайдалануға берілді. Қазан айында «Мантян» екінші модулі іске қосылады деген жоспар бар. Содан кейін Қытайдың Тяньгун орбиталық стансасының («Аспан сарайы») құрылысы аяқталады. Ол Т-тәрізді болады.

Соңғы жылдары Қытай билігі Ұлттық ғарыш бағдарламасын жүйелі түрде дамытып келеді. Қытай ғалымдары ҚХР-дың бірінші ғарыштық орбиталық стансасының құрылысын осы жылдың соңында аяқтаумен қатар, Ай мен Марсты игеруді де басты назарда ұстап отыр.