Қытай қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізу жағын қарастырып жатыр

0
505

Қазақстан да осындай қадамға бармақ.


Қытай қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізу жағын қарастырып жатыр

ERNUR.KZ. Қытай қазақстандықтар үшін 14 күнге визасыз режим енгізу мүмкіндігін қарастыруда, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР-дың Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесу өткізді.

"Қазақстандық тараптың ҚХР азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізу бойынша жоспарын ескере отырып, елші Бейжіңнің Қазақстан азаматтары үшін де осындай режимді іске қосу мәселесін көтерді", – деп жазылған хабарламада.

Тараптар Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен ҚХР-дың Мәдениет және туризм министрлігі арасында, оның ішінде ШЫҰ, АӨСШК шеңберінде мәдениет және туризм саласында іс-шаралар өткізу және "Орталық Азия – Қытай" мемлекет басшыларының онлайн саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған шарттарды іске асыру үшін бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың маусым айының ортасында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.