Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді.
Фото: Inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеру жүргізген, деп жазады inbusiness.kz.
– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді.
Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады.
Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады, – делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Полиция қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске сала кетті.