Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз әйел қыздың аузын орамалмен жауып, қолын байлап, шарбақтың арғы жағына алып кеткен.
ERNUR.KZ. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қарғалы ауылында түсірілген видеоға қатысты ақпарат жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз әйел қыздың аузын орамалмен жауып, қолын байлап, шарбақтың арғы жағына алып кеткен. Автордың айтуынша, бұл оқиға Алматы облысындағы Қарғалы ауылында болған.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, видеодағы әйел көршісінің қызын қайтарылмай жатқан қарыз үшін қинаған.
"Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, шапалақпен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, ақшалай қарызы болған, бұл жағдайға сол себеп болуы мүмкін", - деп жазды Закиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қызды байлап әкеткен әйел ауылдан қашып кеткен. Қазір оны іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Ал баламен мектеп психологы жұмыс істейді.