Полиция майорын тәртіптік жауапкершілікке тартуға қала тұрғынының шағымы себеп болған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қызметтік көлігінің терезелеріне тонировка жасаған полицей жазаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Полиция майорын тәртіптік жауапкершілікке тартуға қала тұрғынының шағымы себеп болған.
Мамырдың басында Глубоковский ауданындағы Белоусовка ауылында жүргізушілердің бірі жолда терезелеріне тонировка жасалған полиция көлігін байқап қалған.
"Бұл ашық болу қағидасына қарсы", - деп жазылған ШҚО әкіміне жазылған блогта.
Тұрғынның шағымы қараусыз қалмады.
"Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, шағымда көрсетілген деректер расталды. Глубоковский аудандық полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры Б. қызметтік автокөлігінің артқы және қапталдағы терезелеріне тонировка пленкаларын жабыстырғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.