Қызылорда облысында ауыр науқас ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді

0
209

Науқас қаладағы медициналық мекемеге жатқызылды.


Қызылорда облысында ауыр науқас ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. «Қазавиақұтқару» ұшқыштары 36 жастағы науқасты Төретам ауылынан Қызылорда қаласына шұғыл жағдайда жеткізді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару әуе кемесі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінің 1989 жылы туған тұрғынын шұғыл тасымалдады», - деп жазылған хабарламада.

Рейс әуе кемесінің командирі Баймұса Өркен мен екінші ұшқыш Ахметов Расулбектің басшылығымен орындалды. Тікұшақты жетекші инженер Зекеев Ерсұлтан мен авиатехник Жұмабеков Асхат дайындады.

«Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде науқас жедел түрде Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді», - деп атап өтті құтқарушылар.