Қызылорда тұрғынына күлгені үшін айыппұл салынғаны рас па

0
105

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері азаматшаны күлгені үшін жауапкершілікке тартқаны туралы бейнежазба тарады.


Қызылорда тұрғынына күлгені үшін айыппұл салынғаны рас па

Фото: СҚО ПД

ERNUR.KZ. Облыстық полиция департаменті ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Анықталғандай, оқиға түнгі сағат 1 шамасында болған.
- Қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері терезесі ашық тұрған көлікке назар аударған. Көліктің ішінде музыка қатты ойнап, ондағы қыздар дауыстап айғайлаған. Осылайша түнгі уақытта тыныштық сақтамаған. Полиция қызметкерлері автокөлікке жақындап, құжаттарды тексеріп, жүргізушіге өздерінің не себепті келгенін сабырмен түсіндірген. Қызметкерлер ауызша ескертумен шектеліп, кейін тұрғынды жіберген. Оған ешқандай айыппұл салынған жоқ және әкімшілік жауапкершілікке тартылмады. Соған қарамастан азамат полиция қызметкерлерімен сөйлесу барысында эмоцияға беріліп, даусын көтерген және болған жағдайды бейнетаспаға түсірген. Кейін оқиғаны әлеуметтік желіде бұрмалап жариялаған, - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерінің жетонына жазылған. Департамент бейнежазба тексеріліп, полиция қызметкерлерінің әрекетінен заңбұзушылық анықталмағанын атап өтті.

Ал жуырда полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында бірнеше рет балағат сөздер айтқан Қызылорда облысы Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғыны Қуаныш Олжабаевты анықтады.