Көлік техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмады.
Фото: Facebook әлеуметтік желісінен
ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта Қырғызстан-Ресей бағытында қатынайтын рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмады.
— Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар автобус ішінде Қырғызстанның 47 азаматы бар екенін анықтады. Оның біреуі — бала. Қызметкерлер барлығын эвакуациялап, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, — делінген хабарламада.
Аталған ведомство төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ескертті.


