Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды

0
309

Қаскүнемдер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған.


Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан "іздерін суытқан". Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді. Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.