Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды

0
534

​Әлтайыр Бақыт 27 сәуір таңертең сағат он шамасында үйден сыртқа шығып, оралмаған. Бастапқыда баланың ата-анасы оны өздері іздеген.


Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қызылордада серуенге шығып, жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды, деп жазады sputniknews.kz.

6 жастағы Әлтайыр Бақыт 27 сәуір таңертең сағат он шамасында үйден сыртқа шығып, оралмаған. Бастапқыда баланың ата-анасы оны өздері іздеген. Нәтиже болмаған соң бала үйден шығып кеткеннен кейін 9 сағат өткен соң полицияға хабарлаған.

"29 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды", - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жағдайға байланысты тергеу басталды.

Айта кетейік, баланы іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған болатын.

Қайғылы жағдайға байланысты Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан баланың ата-анасына көңіл айтты.