Ливандағы қазақстандықтар аман-есен елге оралды

0
279

Қазақстан азаматтары және олардың отбасы мүшелері Ливаннан елге эвакуацияланды.


Ливандағы қазақстандықтар аман-есен елге оралды

ERNUR.KZ. Ливанда жүрген қазақтар Қазақстанға аман-есен оралды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан азаматтары және олардың отбасы мүшелері Ливаннан елге эвакуацияланды.
Бұл Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асты.
"Операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылды. 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді", - деп жазды ведомство.
Министрліктің мәліметінше, эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.