Ұлттық бюро Қырғызстанмен шекарада бір топ адамды ұстады

0
1 401

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде түнгі уақытта ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесінде Меркі ауданның тұрғындары 13 бас ірі қара малын шекарадан кедергісіз өткізуді қамтамасыз етуі үшін шекара қызметшісіне пара бергендері рәсімделді.


Ұлттық бюро Қырғызстанмен шекарада бір топ адамды ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Қырғызстанмен шекарада бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қырғызстан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара малдарын заңсыз тасымалдау тоқтатылғаны айтылады. Бұл іс-шара ҰҚК әскери қарсы барлау бөлімінің, Жамбыл облысы ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және "Арлан" арнайы бөлімшесінің күштерін тартумен өткізілді. "Меркі ауданының кейбір тұрғындары Қырғызстан Республикасында ұрланған малдарды Қазақстанда сату үшін мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтетіндері анықталды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде түнгі уақытта ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесінде Меркі ауданның тұрғындары 13 бас ірі қара малын шекарадан кедергісіз өткізуді қамтамасыз етуі үшін шекара қызметшісіне пара бергендері рәсімделді", - делінген хабарламада. Пара берушілердің тапсырмасы бойынша Қырғызстан аумағынан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, заңсыз жолмен мал басын өткізгендері үшіншекара бекетінің аумағында қазақстандық төрт азамат ұсталды. "Сонымен қатар, бір мезгілде пара беру дерегі бойынша күдікпен пара беруші екі азамат ұсталды. Қазіргі таңда осы тұлғаларға қатысты "кепіл" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша материалдар жеке өндіріске бөлініп, тергеу реттілігі бойынша жіберіледі", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.