Олар Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылаған
ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Azattyq Ruhy.
Маусымның 25-і күні таңертең Лукашенко Путинмен телефон арқылы сөйлессе, түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен.
«Біз халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқыладық», - делінген хабарламада.