​Майға күйіп қалған: Түркістан облысындағы екі жасар сәбиге көпшіліктің көмегі аса қажет

0
1 736

9 айлық нәрестенің басына ыстық май құйылып кеткен. Қазір ол екі жаста... Мәңгілік мүгедек боп қалу қаупі төніп тұр.


​Майға күйіп қалған: Түркістан облысындағы екі жасар сәбиге көпшіліктің көмегі аса қажет

иллюстрациялық фото ашық дереккөзден алынды


Редакциямызға күнделікті түрлі жағдаймен көмек сұрағандар хабарласып жатады. Соның ішінен қызының еміне көмек сұраған ананың өтінішін бей-жай қалдыра алмадық.


Түркістан облысында 9 айлық кезінде ыстық май басына құйылып кеткен бүлдіршіннің өмір сүруге деген құлшынысы орасан. Бас терісі мен иықтары күйіп, тартылып қалған. Өскен сайын күйген тері мен зардап шеккен тері астындағы сіңір мен бұлшықет тартылып, үш жастағы қыз баланың денесінің өсіп-жетілуіне қауіп тудырып тұр. Ал басына шаш шықпай қалғаны мүлде бөлек...

күйгеннен кейінгі емделіп жүрген сәті (суреттер М.-ның анасының рұқсатымен салынды)


Анасының айтуынша, 2020 жылы 31 желтоқсанда үй іші жаңа жылға дайындалып жатқан. Сол арада ойнап жүрген М.-ның басына бауырсақ пісіріп жатқан май құйылып кеткен. Салдарынан басының 60-70 пайызы және құлағы мен арқасын күйік шалған.
Ол кезде бүлдіршін небәрі 9 айлық болған.
Содан соң, Өскемен қаласындағы "Ана мен бала" орталығында 3 ай көлемінде ем алған. Үш айдан соң ауруханадан шыққан.

"Өскемендегі ауруханада 3 айға жуық ем алдық. Дәрігерлер тері трансплантациясын жасау керектігін айтты. Алайда біз бұл отаға қарсы болдық. Себебі олар бізге кепілдік бермеді, 50/50 деді. Қызымның өмірі үшін қорықтым", - деді бүлдіршіннің анасы Айханым.


Ауруханадан шыққан соң, емді өз беттерінше жалғастырған. Қолдарынан келген барлық емді жасап, тіпті қазақи емге де жүгініпті. Барынша күйген жерді іріңдеп кетуден сақтап, түрлі амалдар жасаған көрінеді. Содан соң Шымкентке келіп, түрлі тексерулерден өткен. Алайда дәрігерлер бұл жағдайда біздің медицинаның қауқарсыз екенін айтып, Ташкент қаласындағы ТашМИ мамандарына баруға кеңес берген.

Дәрігерлердің кеңесімен және туыс-жанашыр көпшіліктің көмегімен Ташкент қаласындағы алғашқы ем-дом жасалған.
Ташкентке бармай тұрып, бүлдіршіннің денсаулығы тіптен нашарлап, қатты әлсіреп қалған екен.

Осылайша біраз уақыттан бері күні бүгінге дейін Ташкентте қажетті дәрілер мен екпелер салдырып, тұрақты ем алып келеді. Бірақ бұл ем тек уақытша ауруды басады.

қазіргі жағдайы (суреттер М.-ның анасының рұқсатымен салынды)


Қазір 2 жасар М.-ға дер кезінде қажетті ота жасалмаса күйіп қалған терілері тартылып, арқасы мен иықтары қимылсыз қалуы мүмкін. Басының 60-70 пайызы күйген соң, шаштары да өспей қалған. Сонымен қоса, құлақтары да жабысып, басқа терілермен бірге бітіп жатыр.

Екі жасар балақайдың аяққа тұрып, басқа балалардай жүгіріп кетуіне мүмкіндік бар. Бүлдіршіннің ата-анасы қыздары осындай күйге түскелі бері қаншама аурхананың есігін тоздырып, ақыры отаны жасайтын аурухананы іздеп тапқан. Бүлдіршінге қажетті ота өздері ем алып жүрген Ташкенттегі орталықта жасалады. Ата-анасы ота жасайтын дәрігерлермен кездесіп, сенімді болған соң, осы орталықпен келісіпті.

Алайда операцияға 3 миллион теңге қаржы қажет.

Көрші елдің дәрігерлері аз уақыттың ішінде тері трансплантациясы жасалмаса М. мүгедек болып қалуы мүмкін дейді. Тіпті 6-7 жасында денелері қимылсыз қалатынын айтқан.
Тағы да айта кететін жайт, отаны осы сәуір айында жасау қажет. Себебі күннің ысуы отадан шыққан балақайға кері әсер етуі мүмкін. Яғни күн қатты ысып кетсе, ота келесі жылға шегеріледі.

Сондықтан да перзенті үшін шыбын жаны шырқыраған анасы барша қазақстандықтардан қасиетті Рамазан айында көмек сұрап отыр.


Отбасының жағдайы да оңай болмай тұр. Анасы 4 баланың күтімімен үйде, ал әкесі таксимен ғана табыс табады. Жеке баспаналары жоқ, ата-анасының үйінде тұрады. Жұмыс іздеп отбасымен Өскемен қаласына барғанда осынау өкінішті жағдайға душар болған, қазір Түркістан облысы Сарыағаш қаласында тұрады.


“Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, барынша қолдан келгенше көмек қолын созайық. М.-ның аяққа тұрып, қатарластары секілді алаңсыз ойнауына себепкер болайық!
Рамазан айында мұқтаж жандарға садақа берудің сауабы мол, ендеше қасиетті айда сауапты істен құр қалмайық!

Kaspi GOLD: 87754948827 (Айханым.М )
ИИН 961022401086.
Байланыс нөмірі: 87074554907.