Маңғыстау облысында балалар арасындағы туберкулез бір жылда екі есе артқан

0
357

Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша облыс бойынша жалпы ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 30,0, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,9% жоғары.


Маңғыстау облысында балалар арасындағы туберкулез бір жылда екі есе артқан

ERNUR.KZ. Биыл өткен жылмен салыстырғанда Маңғыстау облысында балалар арасында туберкулез ауруы екі есеге артқан, деп жазады Stan.kz.




Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы туберкулезге шалдығатындар көбейгенімен, сол аурудан өлетіндер азайғанын айтты.

2014 жылы туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 71,2 болса, 2023 жылы 100 мың халыққа шаққанда 31,8, төмендеу көрсеткіші – 55,3%.

2014 жылы 100 мың халыққа шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші 2023 жылдың аяғында 100 мың халыққа шаққанда – 0,8, төмендеу көрсеткіші 85,2%.

Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша облыс бойынша жалпы ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 30,0, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,9% жоғары.

Жас бойынша аурушаңдық көрсеткіші 100 мың балаға шаққанда 6,9-дан 14,6-ға, яғни 2,2 есе өсті. Балалар арасында туберкулезбен ауыру Түпқараған ауданында 0-ден 14-ке, Жаңаөзен қаласында 2-ден 5-ке, Бейнеу ауданында 4-тен 6-ға, Ақтауда 5-тен 15-ке дейін өскен.

Бейнеу ауданы бойынша көрсеткіш облыстық көрсеткіштен 1,3 есе, Түпқараған ауданы бойынша 5,7 есе жоғары.

"Балалар арасында сырқаттанушылықтың артуы балаларды Диаскинтест әдісі бойынша тексеріп, ерте анықтауға байланысты. 10 айдың қорытындысы бойынша жоспар 185,5% орындалды. 15 жастан асқан балалар флюорографиялық тексеруден өткізу кезінде жоспар бойынша Манту сынамасы арқылы туберкулезге скринингтен өтеді", – деп түсіндірді орталық.

Облыста туберкулезді анықтау, есепке алу, амбулаторлық сатыда емдеу, сондай-ақ диспансерлік бақылау азаматтың тұрғылықты жері бойынша бекітілген медициналық ұйымда жүзеге асырылады.