Сондықтан, полиция 400-ге тарта азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Кешеден бері әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан таралған мектеп кортженің видеосы таралып жатыр. Қаладағы №3 мектептің түлектері мобилограф жалдап түсірген видеоны 2,2 млн адам көрген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция департаменті кеше, 25 мамыр күні Маңғыстау облысында заңсыз кортеж ұйымдастырып, оқушылардың өміріне қауіп төндірген 236 көліктің нөмірін шешіп алып, айып тұрағына қойғанын хабарлады. Заң бұзған 400-ге тарта адам айыппұл алған.
Жалпы, облыстың полиция департаменті 25 мамыр күні күшейген режимде жұмыс істеген.
Видеодағы тікұшақ жасанды интеллект арқылы жасалған.


