Оқиға 3 мамыр күні болған.
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жаңа туған баласын тастап кеткен әйел әлі табылмаған, деп жазады ulysmedia.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың анасын анықтау және оның орналасқан жерін табу бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатқанын хабарлады.
– Бүгінгі күнге дейін баланың анасын табу мүмкін болмады, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Еске салайық, оқиға 3 мамыр күні болған еді. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында тұрғын үйлердің бірінің терезесінің жанынан жаңа туған нәресте табылған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Нәресте жергілікті перзентханаға жеткізілді.