Таңғы уақытта Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімшілігінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары қатысып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сондай-ақ аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүріп жатыр.