Қаскөйлер оның Hyundai Accent автокөлігін тартып алған.
фото: Pexels / Alena Darmel
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасалды, деп жазады sputnik.kz.
30 маусымда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Ақшұқыр кентінің шетінде екі белгісіз адам жеке жүргізушінің қызметін пайдаланып, оған физикалық күш қолданған.
Қаскөйлер жәбірленушінің мойнын қауіпсіздік белдігімен қысқан. Осыдан кейін олар ер адамды көліктен түсіріп, оның Hyundai Accent автокөлігін тартып алған.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілерді анықтап, ұстады.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.