Маңғыстау облысындағы балабақшада балалар жаппай уланып қалған

0
209

Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.​


Маңғыстау облысындағы балабақшада балалар жаппай уланып қалған

ERNUR.KZ. Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланған, деп жазады Tengrinews.kz.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген.

"Жедел-жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13-те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел-жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек адам мен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық", - делінген хабарламада.

Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.