Жазық даладағы балалардың видеосы желіде жүр
Фото: скрин
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында бір топ оқушы танымал корейлік «Кальмар ойынын» қайталаған. Олардың видеосы желіде тарап, көпшілік пікір білдіріп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Кадрларда балалар «Кальмар ойыны» сериалдағыдай жарыс ұйымдастырып, түрлі сахналарды қайталап, шынайы түсірілімге ұқсатуға тырысқаны байқалады.
«Қазіргі жастар сондай белсенді, жарайсыңдар», «кино продюсері кім екен», «қазақтың ойыны қалмады ма», «ұлттық ойындар көп емес пе, қайдағы жоқ кальмарды ойнағаны несі екен», деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Сондай-ақ олардың Ақтау қаласындағы «Достық» мектебінің оқушылары екені айтылды.