Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: kmg.kz
ERNUR.KZ. "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры сотталды, деп жазады tengrinews.kz.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа үкім шығарды.
Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.